Атырау облысында шекарадағы ауылдарға көше шамдары орнатыла бастады
Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында енді қараңғы түссе де, жарық болады, деп хабарлайды 24kz.
Биыл аудан бойынша 17 ауылдық округте 1445 дана көше шамы, 1100 электр бағаны мен 3 трансформатор орнатылуы тиіс еді. Күні бүгін облыста қолға алынған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Сүйіндік, Жанаталап, Сафон, Мақаш, Көптоғай, Бөкейхан ауылы толықтай жарықтандырылды. Сонымен қатар 6 мыңға тарта тұрғыны бар Ақкөл ауылына 54 шақырым электр желісі мен көше жарығы тартылуда. Жарықтандыру жобасы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Әлімбай Әбдірахман, Ақкөл ауылдық округінің әкімі:
- Бұл – 1970 жылы салынған ауыл. Үлкен теміржол өткелі: Россия мен Қазақстанның арасындағы. Жұмыс өте жақсы жүріп жатыр. Жаңа жылға дейін осыны іске қосу мәселесі. 16 трансформатор қондырылады. Бұрын 5 трансформатор еді. Сосын 40 км электр желісін ауыстыру жүргізіледі. Жобаның құны 370 млн теңге. Оған қосымша 2 млрд теңгеге подстанса қондырылуы керек.