Аягөздегі қосалқы станция өрті: электр энергиясын беру жұмыстары қалпына келтірілуде

Қосалқы станциядан өрт шыққан Аягөз қаласын электр энергиясымен қамту қайта қалпына келтірілуде.

Өңір әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, отқа оранған трансформатор «Біріккен энергетикалық сервистік компаниясына» тиесілі. Қызыл жалын түн ортасында толық сөндірілген. Мамандар біраз аумақтың электр энергиясын қалпына келтіріп үлгерді. Аягөзде алты қазандықтың бесеуі іске қосылды. Жөндеу жұмыстарына Үржар, Жарма, Өскемен және Семей қалаларынан бригадалар тартылды.