Биыл «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 104 мыңнан астам адамға көмектескен

Биыл «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының көмегіне 104 мыңнан астам адам жүгінген.

Әсіресе Оңтүстік пен батыстағы ағайын өте белсенді. Пойыз 22 мың шақырым шамасында жол жүріп, шалғай елді мекендердегі 140 станцияға тоқтаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 бекетке артық. Қызмет көрсету құрамында дәрігерлерден бөлек заңгерлер мен медиаторлар бар.

Альфия Әдиева,  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:

- Пойыз жұмысын 1 мамырда бастап, 8 ай ішінде 17 облысты аралаған. Пойыз биылғы жұмысын су тасқыны болған батыс өңірлерден бастап, бүгін қызметін кешкі 18:00 де Жетісу облысында аяқтайды. Бұл пойызда биохимиялық талдаулардан бастап, флюрографиялық талдау сияқты түрлі медициналық қызметтер көрсетілген болатын.