Пиротехникалық өнімдер сататын орындар тексерілуде
Солтүстік Қазақстан облысында пиротехникалық өнімдер саудасын қадағалайтын мобильді топтар құрылды.
Олар базарлар мен сауда орындарын аралап, отшашу сатып жүрген адамдардың құжаттарын тексереді. Өңірде Жаңа жылдың алдында жедел алдын алу шарасы басталды. Рейдтің бірінші кезеңінде облыс бойынша 650 пиротехникалық өнім тәркіленіп, 600 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Тексеріс жұмыстары 3 қаңтарға дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, заңсыз сатылған тауарды уақытша сақтауға әкетеді.
Ерболат Қабыров, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
- Оларды Петропавл қалалық басқармасына апарғаннан кейін айыппұл салынып болған соң, олар иесі айыппұл төлегеннен кейін жаңа жыл өткеннен соң ескі жаңа жылдан кейін оларға қайтарылып беріледі.