Алтайда аяздың беті қайтпай тұр

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында аяздың беті қайтпай тұр.

Алтай ауданында әлі де 28-29 градус суық. Осыған байланысты аудандағы төменгі сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр. Мұның алдында Күршім, Ұлан, Самар сынды бірнеше ауданда қатты аяз болып, оқушылар сабаққа бара алмаған еді. Тіпті Алтай мен Марқакөлде сынап бағанасы -37 градусқа дейін төмендеген болатын.