Жыл басынан бері 14 мың адам құтқарылды
Биыл еліміздегі Төтенше жағдайлар мамандары 83 мыңнан астам құтқару хабарламасына барды. Оның 10 мыңы өртке қарсы, ал 19 мыңы апатты-құтқару жұмыстарына байланысты болды. Сондай-ақ жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам құтқарылып, 66 мың азамат эвакуацияланды. Ал тағы 8 мыңы алғашқы медициналық-психологиялық көмек алған. Қазір мамандар төтенше жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударып отыр.
Қазір салада заманауи технологиялар қосылған. Нақтырақ айтқанда, дрондар мен геоақпараттық жүйелер ықтимал тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл тұста ормандардағы өртті ерте анықтау жүйесі арқылы табиғи өрттер санының 2,5 есе азайғанын байқаймыз. Сондай-ақ биыл құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.