Жаңа уақыт белдеуі: Жамбыл облысы тұрғындарының пікірі

Жаңа уақыт белдеуінің тиімді тұстары көп. Өзгерісті оңтүстіктегі тұрғындар қуана қабылдаған. Жамбыл облысындағы ағайын: «Ала таңнан тұрып, тірлігімізді тындырып аламыз», – дейді. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп енгізілген бастаманың денсаулыққа да әсері оң. «Ұйқымыз қанып, үйдегі мен түздегі шаруаны уақытылы орындауға мүмкіндік бар», – дейді олар. Сағат тілінің артқа шегерілуі сауда, кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдар қызметінде де ұтымдылығын көрсеткен.

Сауалнама:

- Күннің мынау 1 сағатқа ауысқаны өзі бізге ыңғайлы болды. Біз енді мынау орта жастағы адам, қартайып қалған адамдар ерте тұрамыз, таң ата ұйқымыз қанық. Бұл жақсы шаруа болып тұр.

- Қазіргі уақыт белбеуіне үйреніп қалдық. Кейбір мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытын 1 сағатқа ерте қойып, солай жұмыс жасап, кешкі уақытта ертерек қайтып жатыр. Білмеймін, өзіме ыңғайлы, осы уақытта қала бергені дұрыс деп ойлаймын.

- Күннің ерте шығуы жалпы маған оң тәжірибесін берді десем болады. Кештің ерте батуы үйге ерте барып, бала-шағаға уақыт бөлуге немесе бала-шағаның ерте ұйықтауына. Жалпы осындай өзгерістер болды. Ал денсаулыққа әсері жайлы әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Ол жағын байқағаным жоқ. Дәл біздің Тараз қаласына бұл уақыттың өзгеруі қатты бір әсер бермеді деп ойлаймын.