Ұлттық құрылтайда Жанарбек Әшімжан лудомания мәселесіне тоқталды
Ұлттық құрылтай мүшелерінің жиынында қоғам дертіне айналған лудомания мәселесі де талқыланды.
Құмар ойынға қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан тоқталды. «Өзге өңірлермен салыстырғанда еліміздің оңтүстігінде құмар ойынға тәуелді азаматтардың саны жоғары», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:
- Парламентте ойын бизнесіне қатысты заң жобасы талқыланып жатқан кезде осы ойынды ұйымдастырушылар, ойын арқылы қаражат тауып жатқан азаматтардың тарапынан қарсылықтар болды. Заң қабылданғалы бері бұл бәсеңдеді. Жасырын ойын бизнесін ұйымдастырушылар қатары әлі сейілмей тұр. Нәтижесі бар. Бірақ, әлі де ішкі істер минстрлігінің бақылауы маңызды бұл жерде.