Жыл басынан бері көп балалы отбасылар 432 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды
Жыл басынан бері көп балалы отбасылар 432 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы алды.
Мемлекеттік төлем 577 мыңнан астам отбасыға тағайындалды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Төлем мөлшері, бала санына қарай есептелді. 4 балалы отбасыларға - 59 123 теңге, 5 бала - 73 988 тг, 6 балаға- 88 793 тг, 7 балаға- 103 598 тг, ал 8 немесе одан көпбалалы болса, әрқайсына 14 768 теңгеден төленді. Айта кетейік, биыл мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 7 пайызға артты.
577,2 мың отбасы – 431,9 млрд теңге
4 балалы отбасыларға – 59 183 теңге
5 балаға – 73 988 теңге
6 балаға – 88 793 теңге
7 балаға – 103 598 теңге
8 және одан көпбалалы отбасы – әр балаға 14 768 теңге
Арман Токтушаков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
- Республикалық бюджеттің 60%-і біздің елде әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалады және мемлекет беріп отырған қолдау түрлері жыл сайын ұлғайып келеді. Сондай маңызды бастаманың бірі «Ұлттық қор – балаларға жобасы» дер едім. Елдің инвестициялық табысының бір бөлігі енді келешек ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ елімізде зиянды еңбек жағдайында еңбек ететін азаматтарға арнайы төлемдер беріле бастады. Бұл мемлекеттік қолдаудың жан-жақтылығын көрсетеді.