Елордада коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Елордада толассыз қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер күреу бойынша күшейтілген режимге көшті.

Қазір екі жарым мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Олар кеше 42 мың текше метрден астам қарды арнайы полигондарға тасыды. Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұрайды.