«One-stop-service» пилоттық жобасының қорытындысы

«One-Stop-Service» – бір қадам пилоттық жобасының нәтижесінде мыңнан астам әйел мен бала жедел құқықтық, психологиялық және сараптамалық көмек алды.  

Бұл жоба Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Samruk-Kazyna Trust бастамасымен жүзеге асқан еді.», - дейді жоба жетекшісі Айман Омарова.

Осы мәселеге қатысты психологтар 2 мыңнан астам адамға тренинг өткізген. Бұдан бөлек орталықта сенім телефоны да жұмыс істейді. Ол азаматтарға заң көмегін ұсынып, ұзақ мерзімді психологиялық қолдау көрсетеді. Оған қоса қылмыстық істерді сүйемелдеу бойынша көмек береді.  

Айман Омарова, «Оne-stop-service» жобасының жетекшісі:

- Негізінде бұл Американың жобасы. Оны бір қадам деп айтсақ болады. Бұл жерде ол біздің орталыққа келіп, алдымен құқықтық көмек алады, сосын психологиялық көмек алады. Соның арызын жазамыз, тергеуге қатысамыз. Себебі зорланғандардың, қорланғандардың қаражаттары жоқ. Бәрі арыз жазады. Қаражаты болмағаннан кейін қайда барарын білмейді.