Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында 2 мектептің құрылысы басталды
Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында 2 мектептің құрылысы басталды. Әрқайсысы 600 оқушыға арналған.
Білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Бүгінде 320 балаға арналған Құрманғазы ауылы мен Ақкөл ауылындағы 2 мектепте 1600-дей бала білім алып жатыр.
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Құрманғазы ауданындағы ең көне білім ошағының бірі - осы Ломоносов атындағы мектеп. Бұл ғимарат 1961 жылы салынған екен. Қазір 320 орындық мектепте 800-дің үстінде бала оқып жатыр.
Бірақ сабақ кестесінде кідіріс жоқ. Ұстаздар бар мүмкіндікті пайдаланып, білім беріп жатыр. Дегенмен спорт залы жоқ, қосымша класс-кабинеттері кемшін білім ордасында проблема жеткілікті.
Талшын Әжіғалиева, мектеп директорының орынбасары:
- Балаларды оқытуға орын жетіспейді және де қосымша түс қайта балаларды шақыртып, сабақ, үйірме, факультатив жүргізуге бізде орын жоқ. Сыймайды. ҰБТ-ға емтихандарға дайындық кездерінде де осындай проблема.
Ақкөл ауылындағы орта мектептің де жағдайы осы. 6 мыңға тарта тұрғыны бар ауылда 1970 жылы салынған көне мектепте бала саны екі есе артық. Қазір тұрғындар «Жайлы мектепті» асыға күтіп жүр.
Әлімбай Әбдірахман, Ақкөл ауылдық округінің әкімі:
- 477 балаға арналып салынған. Қазір 1100-ге жақын бала оқиды. Сол себептен осы «Жайлы мектеп» бағдарламасына еніп, бізге Ақкөлден жаңа мектеп салынып жатыр. Балалар түске дейін сабағын оқып, түстен кейін спорттық секцияларға жаңағы пәндік секцияларға қатыса алады. Балаларға бұрын 2 ауысымда сыныптар босамайтын болса, енді жәйлі метепте ол орындар босайды.
Биыл облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Атырауда 12 білім ошағының құрылысы басталды. Оның екеуі осы Құрманғазы ауданында бой көтермек.
Ернар Зұлқашев, құрылыс прорабы:
- Бұл жерде оқушыларға барлық жағдай жасалатын болады. Сыртта жазғы спорт ойын алаңы және кішкене балаларға арналған ойын алаңдары, әскери дайындыққа арналған алаңдар бар. 2 спорт залы болады бұл жерде физика, математика кабинеттерінде барлық құрал-жабдықпен жабдықталған. Құрылыс тас қалау жұмыстары аяқталып жатыр енді әрі қарай ішкі жұмыстарына кірісеміз.
Сонымен қатар облыста апаттық жағдайда тұрған 7 мектеп күрделі жөнделмек. Жалпы, жергілікті билік 2027 жылға дейін 18 мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отыр.