Бірыңғай уақыт белдеуі тұрғындарға оң әсер етті
Бірыңғай уақыт белдеуі ел азаматтарының өмірі мен күнделікті тұрмысына оң әсерін тигізді.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары уақыт белдеуінің ауысуына тез бейімделгендерін айтады. Бұл бұрынғыдай таң атпай оянудан гөрі, әлдеқайда қолайлы уақыт, дейді тұрғындар.
БЛИЦ:
- Уақыттың қазір өзгергені негізі дым байқалған жоқ. Барлығы баяғыдай. Себебі қазір енді бір сағатқа жылжығандықтан да былайша есептегенде жұмысқа да кеш келіп жүрміз. Ал қыстың қазір қыс мезгілі болғандықтан, қазір уақыттың қараңғылағаны былай сезіледі. Ал негізінде уақыттың белдеуі біздің жұмысымызға, ұйқымызға керісінен ешқандай әсер еткен жоқ.
- Негізі менің ойымша, осы бізге қолайлы деп ойлаймын. Өйткені енді қазіргі күн мен түн теңелді. Жаңағы енді күн ұзарады деген сияқты, күн қысқарады. Сол жағынан ешқандай да бір қатты өзгеріс болды деп айта алмаймын. Барлығы да бір қалыпты солай сақталған сияқты негізі.