Қазақстанда теміржол желісінің тең жартысынан астамы тозған

Қазір елдегі теміржол желісінің 57% тозған.

Осы орайда биыл 1 мың  401 шақырым жол жөндеуден өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2029 жылға дейін

11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның 26%-да тиісті жұмыстар аяқталды. Бұл шамамен үш мың шақырымыдай шойын жол. Сонымен қатар 184 станцияны модернизациялау жоспарланған деп хабарлайды көлік министрлігі.

Қазақстандағы теміржол желісінің 57% тозған

 2029 ж. дейін 11 мың км теміржол учаскесін жөндеу жүргізілмек

Оның 26%-да тиісті жұмыстар аяқталды

2024 ж. 1401 км теміржол жөндеуден өтті

184 станцияны модернизациялау жоспарланған

Елдің көлік-логистикалық әлеуеті

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары:

- Көлік-логистика саласы елдің экономикалық даму локомотивтерінің біріне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы алдағы үш жылда жалпы ішкі өнім  құрылымындағы көлік-логистика секторының үлесін кемінде 9% -ға жеткізу міндетін қойды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 6,1%. Соңғы жылдары көліктік-логистикалық әлеуетті дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Биыл 30 шілдеде көлік-логистикалық кешенді дамытудың басымдықтарын айқындайтын Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілді.