Заңсыз қоқыс полигондарын жоймаған 159 адам жауапқа тартылды
Биыл заңсыз қоқыс полигондарын жою шараларын қолданбаған 159 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Мұндай олқылықтар экология саласын цифрландыру нәтижесінде анықталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі баяндады. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, спутник деректері мен жасанды интеллект жүйесі бақылаушы органдардың жұмысын жетілдірді. Биыл заңсыз ағаш кесу бойынша 112 дерек анықталды. Оның 56-сына қатысты материал сотқа жолданған.