«Хабар» агенттігінің қызметкерлері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады
«Хабар» агенттігінің қызметкерлері 100-ге жуық елордалық бүлдіршінге жаңажылдық тосынсый жасады, деп хабарлайды 24KZ. Агенттік ұжымы бүгін Астанадағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына арнайы барды. Балақайлардың Аяз атаға жазған тілек хаты бойынша сыйлықтарын апарып берді. Қамкөңіл жеткіншектерге мерекелік көңіл күй сыйлап, мейірім көрсетті. Ақ тілектерін арнап, игі дәстүр әлі де жалғасатынын жеткізді.
Айта кетсек, мұндай қайырымдылық шарасын агенттік жыл сайын ұйымдастарып келеді.
Бексұлтан Құрманқұл, «Хабар» Агенттігі» АҚ эфирлік саясат бөлімінің басшысы:
- Біздің Астана қаласындағы осындай 2-3 арнайы мектептер бар ата-ана қамқорлығына зәру, түрлі қиындыққа ұшыраған отбасы балалары тәрбиеленеді. Әр баланың көңілі ғажайыпқа сенеді ғой. Әр баланың көңілінде арман. Сол арманды жазған тілектерін орындап, осы арнайы шара арқылы балалардың көңіліне сүйіспеншілік сыйлағымыз келеді.