Полиция азаматтар көп тіркелген пәтерлерді тексереді
Тұрғылықты мекенжай бойынша азаматтар көп тіркелген баспаналар жаппай тексеріледі. Шара ел аумағын қамтиды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Өйткені кейбір үйлерде тіркелгендер саны шамадан тыс көп», – дейді полицейлер. Сондай-ақ ешқандай тіркеусіз тұрып жатқандар тағы бар. Сондықтан тәртіп сақшылары тексеруге көшті. Егер заңбұзушылық анықталса, олар әкімшілік жауапқа тартылады. Яғни, жылжымайтын мүлік иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш, ал жалға алушыға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.