«Қарызсыз қоғам»: 780 мың қазақстандық қаржылық сауатын арттырды

780 мың қазақстандық қаржылық сауатын ашуға мүмкіндік алды. Бұл – «Қарызсыз қоғам» жобасының жемісі. Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған ауқымды жоба қорытындыланды. «Қарызсыз қоғам» жобасының аяқалысы жөнінде әріптесім айтып береді.

«Қарызсыз қоғам» – халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін бірегей жоба. Пилоттық жобаны алғаш қолға алған Halyk Bank оның тиімділігін дәлелдей алды. Сөйтіп, жоба Үкімет пен «AMANAT» партиясының қолдауымен барлық өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде екі жылда мектеп оқушылары, студенттер мен еңбекке жарамды 780 мың қазақстандық қаржы саласындағы білімін жоғарылатқан.

Үміт Шаяхметова, Halyk Bank басқармасының төрағасы:

- Еліміздің жетекші банкі ретінде кредит тұрғысынан сау қоғам құруға мүдделіміз. Бұған қаржылық сауаттылықты жоғарылату арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Жобаны алғаш бастаған банк ретінде қаржылық сауаттылықты оқытып қана қоймай, жобаның етек жаюына ықпал етіп жатырмыз дей аламын. Ел экономикасын дамытып, экономикалық белсенді әрі байқуатты қоғамды қалыптастырудағы басты миссиямыз деп санаймыз.

Биыл еліміздің барлық өңірі мен үш қаласында 180 мың адам оқытылды. Нәтижесінде 40%-і қарызының мөлшерін азайтып, несие санын кемітті. 70%-і несие төлемінің мөлшерін төмендете алды.

Ақмарал Бекмырзаева, «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі:

- Halyk Bank қолдауымен қанатқақты жобаның өзектілігі мен тиімділігін көрсете алдық. 2024 жылы жобаның аясы кеңейіп, 12 банктің қолдауына ие болды. Бірақ Halyk Bank бұл тұрғыдан жетекші банктің рөліне ие. Оқытудан өткендердің 90%-і қаржы мәселесіне басқаша қарайтынын айтады.

Бүгінде жобаны іске асыруға 11 мемлекеттік орган атсалысып жатыр. Тіпті qogamfin.kz онлайн-платформасы құрылған. Сайт арқылы оқуға тіркеліп, қаржылық сауатты жоғарылатуға арналған материалдар мен бейнесабақтарды жүктеп алуға болады.

Авторы: Бақыт Топтаева.