Талдықорған – Қалбатау – Өскемен күрежолы жаңадан салынды
Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» тас жолы, яғни 768 шақырымдық аумақ қайта жаңғырды.
Жолдың 38 шақырымы I санатқа, 730 шақырымы II санатқа ауыстырылды. Жоба 16 учаскеге бөлінген. Оның 5-уі – Жетісу облысында, 9-ы – Абай және 2 учаске Шығыс Қазақстан облысында. Құрылыс барысында 54 көпір, 6 көлік айрығы және 745 су өткізу құбыры салынды. Алдағы уақытта демалыс алаңдарында заманауи талаптарға сай санитарлық-гигиеналық тораптар тұрғызылады.
Талдықорған – Қалбатау – Өскемен күрежолын жаңғырту жобасы
Ұзындығы – 768 шақырым
І санат – 38 шақырым
ІІ санат – 730 шақырым
Барлығы – 16 учаске
54 көпір, 6 көлік айырығы, 745 су өткізу құбыры.