Жамбылдық тұрғындар табиғи газдан тарығып отыр
Жамбыл облысы Шу ауданындағы 11 білім мекемесіне былтыр газ құбыры кіргізілсе де әлі күнге көмір жағып отыр.
Жергілікті билік өкілдері: «Көгілдір отын қысымы тым төмен», – дейді.
Сондықтан ауданда табиғи газға қосуға мораторий жарияланған. Қазір әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер де газға қосыла алмай отыр. Мәселе қашан шешіледі?
Шу қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия 1960-жылдары салынған. Содан бері көмірмен жылытылады. Шағын мектеп 700-ге жуық оқушыға тар болғандықтан, 7 жыл бұрын қосымша ғимарат салынған. Бірақ жылуы мардымсыз. Жеткіншектер сыныпта сырт киіммен отыруға мәжбүр.
Гүлзат Оспанова, мектеп директорының орынбасары:
- Күн жылы болғанда 1,5 тонна кетеді. Бір котелды жағады. Күн суықта екі котелды жағады, бәрібір де онша да нетпейді. Газ болған дұрыс қой. Скл Барлық жақта газ болып жатқанда бізде газбен болғаны ыңғайлы. Әрі таза әрі жылырақ болады.
Мерей Бает, тілші
- Бір ағарту ошағын жылыту маусымында жылыту үшін осындай 290 тонна көмір қажет екен. Бұл дегеніміз 6 миллион теңгеден аса қаражат деген сөз. Бұл қаржыны 2,5 есе үнемдеу үшін ауданда 11 білім нысанына осындай газ пештері орнатылды. Дегенмен бір жылдан асса да әлі күнге іске қосылмаған.
Аудандағы білім нысандарын табиға газға қосу үшін облыстық бюджеттен 747 миллион теңге бөлінді. Бірақ ешқайсысы көгілдір отынға жете алмай отыр. Жалпы Шу ауданындағы 90 білім мекемесінің тең жартысы көмір пайдаланады. Бұған ауданда газ қысымының тым төмен болуы себеп.
Жадыра Каликов, Шу аудандық ТҮКШ және Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
- «Қазақгаз» газға техникалық жағдай береді, алайда ол жерде «АГРС-тан кейін» деп көрсетілген. Ол АГРС соғылмайынша, әлеуметтік нысандар, елді мекендердің жеке тұрғын үйлер болсын солардың барлығы газға қосыла алмайды.
Газ жетіспеушілігін шешу үшін 2021 жылы ауданда автоматты газ тарату станциясының құрылысы басталған. Нысан Қордай ауданынан келетін табиғи отынды жинақтап, жоғары қысымда таратады. Бірақ бастапқыда құны 4 миллиард теңгеге жоспарланған жобаға, кейін түзетулер енгізіліп құны екі есеге ұлғайды. Әзірге құрылысқа республикалық қазынадан 3 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға станция алаңы дайындалып, 21 шақырым газ құбыры салынған. «Құрылысты аяқтау үшін қосымша қаржы қажет», - дейді тапсырыс беруші бақарма басшысы.
Ғалым Исақов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Бүгінгі күнгедейін біз үкіметтен министрліктен қаржыларды сұрадық, бірақ бүгінгі таңға бізге удорожание дейді ғой, қымбаттау құнының қаржысы бөлінген жоқ. СКЛ Сол себепті қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде жалпы. Алдындағы бөлінген қаржылар бар. Осы облыстан тағы қосымша бізге ол жерге қаржы бөлген 250 миллион теңге. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Газ тарату станиясын толық аяқтау үшін 5 млрд-тан аса теңге қажет. Жауапты басқарма басшысы ветомстволық министрлікке өтінім берген. 2025 жыл қаржы бөлінсе, станция құрылысы аяқталады. Жалпы бүгінде аймақтағы 371 елді мекеннің 285-і газға қосылған.
Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділдә