Елдегі су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды

Биыл Балқаш көліне ағып келген су көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артты. Жыл басынан бері Көкше теңізге 15,4 млрд текше метр су құйылды. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су келді.  Жалпы биыл елдің су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Бұл – рекордтық меже.

Жиналған судың 12 млрд текше метрден астамы тасқын суына тиесілі. Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су түсті. Ал Қапшағай су қоймасы кейінгі 10 жылда алғаш рет толып, 18 млрд текше метрден астам су жиналды. Су тасқыны бірқатар өңірдегі су жүйелеріне оң әсер етті. Мәселен Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне – 80 млн текше метр, Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су жіберілді. Бұдан бөлек сырттан келетін су көлемі өсіп, Солтүстік Аралға шамамен 2,5 млрд текше метр су келді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 400 млн текше метрге ұлғайды.