Әзербайжан Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу мақсатында Қазақстанға делегация жіберді

Ұшақ  апатының себеп-салдарын тергеу мақсатында Әзербайжаннан Қазақстанға арнайы делегация жіберілді. Бұл туралы Азертадж ақпараттық агенттігі хабарлады.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік органдар, оның ішінде азаматтық әуе саласы өкілдерінен құралған комиссия құруды тапсырды.