Ұшақ апаты болған жерде үкіметтік комиссия жұмысы жалғасып жатыр
Ұшақ апаты болған жерде үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.
Соңғы ақпармен бөліссеңіз?
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Астанадан Ұлттық ұланның арнайы ұшағымен келіп қондық. Бортта бізден бөлек 40-тан астам адам болды. Бұл Үкімет басшысының қаулысымен құрылған комиссияның бір бөлігі ғана. Ведомство басшылары апат орнында жұмыс істеп жатқан мамандарға бірқатар тапсырма берді. Байқағанымыздай, апатқа ұшыраған әуе кемесі екіге бөлініп қалған. Бір бөлігі міне, менің артымда тұр. Аман қалғандардың көбі осы бөлігінде, яғни артқы жағында отырған екен. Оқиға орыны қазір қоршаулы. Қараңғы түскеніне қарамастан мамандар жұмыс жүргізіп жатыр. Мұнда 400 астам адам мен 80 шақты техника жұмылдырылған. Айта кету керек, біздің алдымызда Астанадан санавиация да келген еді. Онда хирург, нейрохирург, травмотолог сияқты дәрігерлер бар. Олар зардап шеккендер үшін ем-дом шараларына кірісіп кетті.