Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды

Ұшақ апатына байланысты Ақтауға елдің Төтенше Жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды.

Күштік құрылым тарапынан авариялық құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 бірлік техника және 2 әуе кемесі мен 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрліктері өкілдері бейнебайланыс арқылы шұғыл ақпарат алмасуда.