«Amanat» партиясының белсенділері ұшақ апатынан зардап шеккендерге қол ұшын созды

«Amanat» партиясының белсенділері ұшақ апатынан зардап шеккен жандарға қол ұшын созды.

Партиялықтар Астана қаласында Әзербайжанның Қазақстандағы Eлшілігі және Ақтау қаласындағы Бас консулдығы ғимараттарының алдына жиналып, гүл қойды. Аманаттықтар «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатында қаза тапқан жандардың рухына тағзым етіп, зардап шеккен адамдарға қажет қан тапсырды. 

Нұрбек Қарасаев, «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы:

- Бұл жерде жиналып, жастар да келіп отыр. Әкімдіктің қызметкерлері де бар. Бұл Маңғыстау елі үшін, жалпы Қазақстан елі үшін қайғылы оқиға деп есептейміз.