Әуе апатынан зардап шеккендердің ағайыны жағдайға алаңдаулы

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының туыстары қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Олармен Грозный әуежайында Ресей төтенше қызмет мамандары тілдесті. Зардап шеккендердің ағайындары кеше жақындарын өз көзімен көру үшін Ақтауға жеткен. Шешенстан Денсаулық сақтау министрлігінің психологтары жапа шеккендерге моральдық көмек көрсетіп жатыр.

Игбал Байрамов, ұшақ жолаушысының туысы: 

- Әуе кемесінде жиенім болды. Өзінің көкесіне алғаш рет бармақ болған еді, мұның соңы осындай қайғылы жағдаймен аяқталды. Мен күтіп алуға келгенмін, мән-жайды осы жерден білдім. Туысым аман, жағдайы жақсы. Өте қиын жағдай. Аман қалды дегенді естігенде барып тынышталдым.

Ибрагим Халаев, ұшақ жолаушысының туысы:

- Журналист: Ұшақта сіздің қандай туысыңыз болды?

- Келінім, ұлымның келіншегі, сосын 2 қарындасым болды.

Мадина Магомадова, психолог:

- Біз, Шешенстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психологтары, апаттан зардап шеккен адамдардың туыстарына психологиялық қолдау көрсету үшін арнайы келдік. Тағы біздің әріптестеріміз жедел желіде жұмыс істеп жатыр. Өйткені жапа шеккендердің ағайындары қатты күйзеліске тап болған. Біз осы мәселемен шұғыл көмек көрсетіп жатырмыз.