Зардап шеккен азаматшаның жеке тұлғасы анықталды

Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары Ақтау ауруханасында жатқаны белгілі. Соның ішінде жансақтау бөліміндегі Әзербайжан азаматының жеке тұлғасы анықталды.

Қазір Ақтау дәрігерлері 20 пациентке қызмет көрсетіп жатыр. Оның алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. 2 науқас травматология бөлімшесіне ауыстырылған. Сондай-ақ Астанадан білікті дәрігерлері көмекке келді.