Жетісу облысында «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» атты облыстық форумы өтті

Соңғы екі жылда Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу арқылы 466 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді.

Ал құзырлы орган жанынан құрылған еріктілер тобы мемлекеттік сатып алу кезінде 300 млн теңге болатын жемқорлық тәуекелдерін анықтаған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында атқарылған жұмыс 500 адам қатысқан «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» атты облыстық форумда қорытындыланды.

Жыл басынан бері «Жас ұрпақ» қоғамдық бірлестігі мен мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері өңірдегі 50-ден аса ауылда болып тұрғындармен кездескен. 2 қала, 8 ауданды қамтыған олар жұртшылықтың көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Бақыт Қалиева, "Жас ұрпақ" жастар қоғамдық бірлестігі:

-1780 тұрғындарды қамтыдық. Оның 238 жеке адам сұрақтарына кеңес жауап алды. Содан кейін 90-ға жуық волонтерлар қызмет атқарды.

Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар кеңес ұйымдастырылды.

Дархан Алтайұлы, «Жаркентсуқұбыры» мекемесі директорының орынбасары:

- Әрбір мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жұмыстар жүргізілуі керек соның міндеттері түсіндіріліп өтті. Мұндай семинарлар жиі-жиі өткізіліп тұрса дұрыс деп ойлаймын.

Сонымен қатар жастарға аймақтағы құқықтық ахуал туралы айтылып, заңға қайшы әрекеттердің зардабы мен салдары түсіндірілді.

Жасұлан Байкенов, ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Полиция қызметкерлерінің бірінші мақсаты - балаларға патриоттық құқықтық тәрбие беру деңгейін көтеру және оларды дұрыс жолға бағыттау. 

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлықпен күреске 170 волонтер жұмылдырылған. Форум қорытындысында еңбектері еленіп, үздіктері марапатталды. 

 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Айгүл Ғазизулина