Петропавлдықтар ұшақ апатынан зардап шеккендерге жаппай қан тапсырды

Петропавлдықтар Ақтаудағы әуе апатынан зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр. Қайғылы жағдайға бейжай қарамаған жұртшылық таңғы 08:00-ден қан орталығында кезекке тұрды.

Олардың арасында полицейлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жастар мен қарапайым қала тұрғындары бар. Мамандар жиналған қанды ұшақ апатында жарақат алған адамдарға жібереді. 

Дамир Әбдин, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Кеше жастарға Ақтауға көмек керек деген үндеу тастадық. Олар бұл ұсынысты бірден қолдап, бүгін таңертең қан орталығына келді. Қазірдің өзінде 80 адам қан тапсырды. Бұл науқан күн ұзаққа жалғасады.