Бір топ делегация Әзербайжаннан Ақтауға жетті

Медицина мамандары, психолог, құтқарушылардан жасақталған бір топ делегация Әзербайжаннан Ақтауға жетті. Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдай қызметі хабарлады.

Дәрігерлер келе сала емдеу орындарындағы адамдардың жағдайымен танысты. Олар зардап шеккендерге психологиялық, медициналық жедел көмек көрсетіп жатыр. Ал төтеншеліктер апат болған жерде шұғыл шара қабылдап, іске кірісті. Құтқарушылар қажетті құрал-жабдықпен қамтылған деп жазады.