Республикалық штаб жұмысында тыным жоқ
Маңғыстаудағы ұшақ апатынан кейін бірден республикалық штаб жұмысын бастады. Кешеден бері жолаушыларды құтқару іс-шаралары үйлестіріліп отыр.
Нақты әрі ресми ақпаратты осы штабтан алуға болады.
Маңғыстаудағы ұшақ апатына байланысты кеше Астанада республикалық штаб құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығындағы штабта бірнеше министрлік өкілі жұмыс істеп жатыр. Кешеден бері штаб қызметкерлерінде тыным жоқ. Орталық қызметіне 30-дан астам маман жұмылдырылған.
Марат Амантай, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы:
- Қазіргі уақытта республикалық штабта авариялық құтққару жұмыстарын үйлестіру және де келген ақпаратты өңдеп, әрі қарай жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті, республикалық штабтың базасында жедел желі жұмыс жасауда.
Кешеден бері жедел желіге хабарласып жатқандар көп. Психолог мамандар мыңнан астам қоңырауды қабылдап, қажетті көмекті көрсетті.
Анар Мұсабекова, ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің психологы:
- Негізгі сипаты ақпараттық сипатта болды қоңыраулардың. Және де негізі сол Әзербайжан, Тәжікстан азаматтары звондады. Көбінесе азаматтар өздерінің туыстары жайында және де өздерінің таныстары жайында сұрады. Ақпарат берілді. Психологиялық көмек ретінде ақпарат берілді.
Республикалық штаб қызметі күндіз-түні тоқтаймайды. Мамандар тұрғындарға көмек, көрсетіп, құтақару жұмыстарын үйлестіруді жалғастыра бермек.
Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Абдулхамит Бөлекбаев