Елде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды

Елде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Енді ата-аналар баласына балабақшаны өздері таңдайды.

Сондай-ақ баланың білім алуына жұмсалатын қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, бала таңдаған мекемеге беріледі. Қазір бұл механизм төрт қалада яғни Тараз, Шымкент, Түркістан және Оралда пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Алда оны бүкіл ел бойынша енгізу жоспары бар. Елде мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам кеңес алу пункті жұмыс істейді. Жыл басынан бері 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілген.