«Жаңа жылға саяхат» атты қайырымдылық шырша өтті
Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлайтын мереке. Алматыда «Жаңа жылға саяхат» атты қайырымдылық шырша өтті. Оқушылар сарайындағы кешке 300-ге жуық балдырған шақырылған. Олар мерекелік қойылымды тамашалап, сыйлықтар алды.
Жаңа жыл – барша бала асыға күтетін мереке. Әр түрлі костюм киген балдырғандар бүгін ерекше көңілді. Кейбіреулері Оқушылар сарайын алғаш көріп отыр. Әсем шырша да мерекенің ажарын аша түскен. Қайырымдылық шыршаға Медеу ауданындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардың балалары мен оқуда озат оқушылар шақырылған. Оларды Аяз ата мен Ақшақар, бишілер күтіп алып, ертегілер әлеміне жетеледі.
Іңкәр Тастемір, оқушы:
- Математика мен қазақ тілінен жақсы оқығаным, сабаққа жақсы қатысқаным үшін 5 алып жүрмін. Көп қызықты аниматорлар бар, қызықты ойнатады және күшті билетеді.
Балалардың көңілін аулаға келген ертегілер мен мультфильм кейіпкерлері де мерекені әлдендіре түсті. Шыршаға келген кішкентай қонақтар ән айтып, би билеп, ойын ойнады. Аяз ата мен Ақшақардың сұрақтарына жауап бергендерге тәттілер таратылды.
Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:
- Бұл жерге келе алмаған балалардың өздері өтініш білдіріп жатыр. Оны біздің әкімшілікке келіп өздеріне берілген сыйлықтарды алып кетуге болады. Бұған қоса біздің демеушілеріміз де келіп өздерінің өтініштерін білдіріп жатыр. Сол кісілерге біз тізім береміз. Біздің тізімге кірмей қалған балаларға сол демеушілер арқылы тағы да көмек жасауға дайынбыз.
Екі күнге жоспарланған қайырымдылық шыршасына 3 мыңға жуық бала қатысады. Осылайша бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, жаңа жылды айшықты етуді мақсат еткен. «Жалпы Медеу ауданында 3 мың көпбалалы отбасы бар екен. Ұйымдастырушылар солардың барлығын қамтуға тырыстық», - дейді.