Ұшақ апатынан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған 4 адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі адам травматология бөлімшесінде ем алуда.

Олардың жағдайлары тұрақты  ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау орблыстық ауруханасының реаниматолг мамандары хабарлады.  Сондай-ақ, көмекке келген шетелдік дәрігерлер еліне оралды. Науқастарға тиісті ем жасалып жатыр.

Бақытжан Балғалыев, реаниматолог дәрігер:

- Қазіргі жағдайлары ауыр. 4-уі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Медикоментозды ұйқыда. Қалған екі науқас травматология бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты. Дәрігерлер және қажетті медикоментті препараттар барлығы жеткілікті.

 М. Қарабаев: Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайын

Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған "Әзірбайжан әуекомпанияларының"  ұшағын қабылдауға дайын болды. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ұшақ экипажы Қазақстанның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін Ақтау мұнарасының диспетчерімен байланысқа шыққан.  "Ал біздің мамандар жедел әрекет етіп, әуе кемесін қондыру үшін қажетті шараларды қабылдады", деді министр.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

-  Ұшаққа жолақты көруді жеңілдету үшін ұшу-қону жолағының шамдары қосылды. Экипаж Ақтаудың ұшу-қону жолағына қонуға екі әрекет жасады, бірақ әуе кемесінің биіктігі мен бағытының ретсіз өзгеріп отырғаны байқалды. 11:28-де байланыс жоғалып, ұшақ жерге соғылды. Әуежайдың  құтқарушылары бірден оқиға орнына шығып, жолаушыларды дереу эвакуациялауға кірісті.