Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

Павлодар облысында күрделі эпидемологиялық жағдай қалыптасып отыр.

Жедел жәрдем қызметіне бір тәулікте екі мыңдай шақырту түскен. Науқастарға  суық тию, пневмония, бронхит және бронхопневмания диагноздары қойылуда. Әсіресе вирус балалар арасында кең таралуда. Осыған орай емханалар жұмыс уақытын екі сағатқа ұзартуға мәжбүр. Ал жедел жәрдем қызметі қосымша бригадалар қосты. Дегенмен мамандар аурудың орташа және жеңіл түрде өтіп жатқанын айтады. Жетпіс мыңға жуық адам тіркелген қалалық №2 ауруханада 41 участок бар. Әрбір участок дәрігеріне күніне кем дегенде 10-15 адам жүгінеді.

Дидар Уәлиханова, жалпы тәжірибелік дәрігер:

- Көбі жедел респираторлық ауруларға байланысты шақырулар болып жатыр және де созылмалы аурулардың осы жедел респираторлық ауруға асқыну ретінде соған да шақырады. ++++Былтырғымен қарағанда көрсеткіш деңгейі аздап жоғарылады. Соған байланысты қазір біздің емхана, емхананың жұмыс уақыты да ұзартылды сегізге дейін. Фильтр кабинет те сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Дәрігерлерге өте қатты салмақ түсіп жатыр.