Қостанай облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

Қостанай облысында «Қарасу-Новоселовка» айналма жолында жолаушылары бар көлік діттеген жеріне жете алмай, жолда қалды, деп хабарлайды 24KZ. Қарасу ауданына жедел жеткен құтқарушылар қар құрсауында қалған 7 адамды эвакуациялады.

Ал Қарағанды облысын Шет ауданынан бірнеше шақырым жерде жол бойында автобус сынып қалған. Құтқарушылар жолда қалған 40 жолаушыға көмекке барды. Олардың барлығы – Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оларды Ақсу-Аюлы ауылына жеткізді. Сала мамандары тұрғындарға қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.