Қолданбалы ғылымды қаржыландыру көлемі ұлғайды
Елде қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті. Бұл өткен жылға қарағанда 13%-ға көп. Жастарды ғылымға тарту үшін 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылады.Отбасы банкімен келісім шеңберінде жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасы іске қосылды.Осы орайда өткен 8 айда 290 пәтер берілді. Бұл жас ғалымдарды елде қалуға әрі елімізде ғылымды дамытуға қосымша ынталандырады. Өтеусіз негізде жас ғалымдарға 20 пәтер берілді.
Биыл 809 ғалымға әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар ұсынылды. Қазіргі уақытта Республикалық комиссияның 2 отырысының қорытындысы бойынша 80 үміткерге ғылыми тағылымдамадан өту мақұлданды. Ғылыми кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді, докторантураға мемлекеттік тапсырыс 1,9 мың орынға дейін ұлғайды.