Ақтаудағы ұшақ апаты: Қара жәшіктерді Сenipa орталығындағы зертханада зерттейді

Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия, апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (Сenipa) жіберу туралы шешім қабылдады. 

Қара жәшіктерді Сenipa орталығындағы зертханада зерттейді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Айта кеткен жөн Чикаго конвенциясының 13-ші қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет қара жәшіктердегі деректерді оқуды қамтамасыз етеді. Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және  Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының мүшесі болып табылады. Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере отырып және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесіп шешім қабылданды.