Оралда заманауи спорт кешені ашылды
Оралда заманауи спорт кешені ашылды. Жаңа нысанда 10-нан аса спорт түрімен шұғылдануға болады. Оның қатарында волейбол, баскетбол, бокс, күрес, садақ ату, жүзу, шыңға өрмелеу сынды үйірмелер бар.
Мамандар жобаны салауатты өмір салтын дәріптеп, өңірде білікті атлеттер дайындауға арналған маңызды қадам деп бағалап отыр. Айта кетейік, Президент былтыр Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, заманауи көпфункционалды спорт кешенін салуды тапсырған еді. Нәтижесінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. Жалпы аймақта екі жылдың ішінде осындай 8 ғимарат салынған. Ал келесі жылы тағы 10 спорт кешенін салу жоспарланып жатыр.