Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болды
Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болды. Салдарынан 10 жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер жоқ.
Түнде облыс аумағындағы тасжолдар жабылып, полиция күшейтілген қызметке кірісті. Жолда қалған мыңнан астам көліктің 2602 жолаушысына көмек көрсетілді. Жолдарға инертті заттар себілгеннен кейін, таңертең қозғалыс қайта жанданды. Облыс орталығындағы коммуналдық қызметтер түні бойы жұмыс істеді. Көпірлер мен көшелерге 1 мың 400 тоннаға жуық арнайы қоспа себіліп, 30 тонна қар шығарылды.
Мақсат Жүсіпов, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің директоры:
-Арнайы техникадан 57 техника шығып, қала ішіндегі қарларды тазалады. Түнде 40-қа жуық адам күші жұмылдырылып, қазіргі таңда 200-дің үстінде адам жұмыс жасауда. Бүгін де қар жауады деп тұр. Қар жауған жағдайда біз тоқтаусыз жұмыс жасаудамыз. Бізде демалыс жоқ. Қаланың қарын тазалап болмайынша, осылай жұмыс жалғаса береді.
Мұратбек Манатов, облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:
- Жүк көліктерін арнайы демалу орындарына жеткізілді. Сонымен қатар жолда қалып қойған 10-нан астам көлік құралдарына алғашқы көмек көрсетілді. Онға жуық экипаж және 20-дан астам қызметкер бөлініп, тайғақ болған аумақтарда қызмет атқаруда, үздіксіз, тәулік бойы. Департамент бойынша күшейтілген күнтәртібінде жұмыс атқарудамыз. Нарядтардың тығыздығы апртып, қызмет атқарудамыз.