Ұшақ апаты: Ақтау ауруханасындағы жолаушылардың соңғы легі еліне оралды
Ақтау ауруханасында қалған үш әзербайжандық жолаушы бүгін еліне оралды.
Олар әуе апаты салдарынан жансақтау бөліміне түскен еді. Екеуі өкпені жасанды желдету апаратына қосылған болатын. Ал біреуінің жағдайы оңала бастады. Бауырлас елден келген дәрігерлер отандастарының жағдайын ұдайы бақылауда ұстады. Екі елдің дәрігерлері тексерістен соң осындай шешімге келді.
Бақытжан Қойбеков, реаниматолог-дәрігер:
- Екі науқасымыздың қан қысымы, барлығы да тұрақты. Біздің науқастардың жағдайы тасымалдауға қазіргі таңда жарайды. Оны біз де, әзербайжандық әріптестер де науқастардың күнделікті жағдайларын бақылауда ұстап отыр. Осы себепті екі жақ ақылдаса келе, бүгін тасымалдауды ұйғардық.