Павлодарда алғаш рет ерекше форматта жаңа жыл кеші ұйымдастырылды

Павлодардың мыңдаған тұрғыны жаңа жылды орталық алаңда қарсы алды.

Олар әуелі лэд-экран арқылы Президенттің құттықтауын тамашалап, әрі қарай отшашудың куәсі болды. Артынша мерекелік концертпен жалғасып, би кеші ұйымдастырылды. Мұндай форматтағы жаңа жылдық кеш қалада алғаш рет өтіп отыр.