Қалың қар алматылықтарды әбігерге салды
Алматылықтарды түннен бастап жауған қалың қар әбігерге салып жатыр. Коммуналдық қызметтің хабарлауынша, таңға дейін 14 сантиметр ақ ұлпа жауған.
Шымбұлақта қар қалыңдығы 20 см-ге жетті. Бұл айлық норманың 26%-ы. Қазір қала көшелері мен жолдарды тазарту үшін 1100-ден астам жұмысшы мен 475 арнайы техника жұмылдырылды. Олар түнгі 4 жарымнан бері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмау кеңес етілді. Жаяу жүргіншілер де қар тазалаушы көліктер мен көктайғақтан сақтанғаны абзал. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда күндіз температура 0-ден -7 -ге дейін төмендейді. Алдағы тәуліктерде күн ашық болады.