«Еңбек» республикалық кәсіпорнының басшылары күдікке ілікті

«Еңбек» республикалық кәсіпорнының басшылары бірнеше рет пара алды деген күдікке ілікті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірігіп, кәсіпорын бас директорының орынбасары және құрылыс басқармасы бастығының мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып отырғанын анықтады. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.