Су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Өңірлерде 2025 жылғы су тасқыны қатерлерін барынша азайту үшін республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар бекітілді.

Аталған бағдарлама шеңберінде жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы 1200-ден астам іс-шараны жүзеге асырды. Мәселен, өңірлерде 478 шақырым қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, жөндеуден өтті. 125 км дренаждық жүйелер салынды. Автомобиль және темір жолдар астына 837 су өткізу құрылыстары орнатылды. 219 шақырым каналдар мен 334 км арықтар салынды. Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдар Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелердің тізбесін нақтылады. Бүгінде олардың саны 1 221-ді құрады.