«Жібек жолы» туристік пойызы кезекті сапарын аяқтады
«Жібек жолы» туристік поезы кезекті сапарын сәтті аяқтады.
Поезд Қазақстан мен Өзбекстанның 4 қаласында болды. Алматыдан шығып, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларына тоқтады. Бес күнге жалғасқан саяхат барысында 100-ден астам жолаушы Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі шаһарларды аралап, аймақтың бай тарихымен танысты.
Бұл «Жібек жолы» туристік поезының екінші рет сапарға шығуы. Былтыр қараша айында Түркістан мен Ташкентте болып қайтқан еді. Осы жолы бағыты кеңейіп, Самарқанд пен Шымкент қосылды. Тасымалдаушы компания туристердің сұранысын ескере отырып, саяхатты жаңа жылдың мереке күндеріне орайластырды.
Руслан Жалғасбай, тасымалдаушы компанияның филиал директоры:
- Жаңа 4 вагонымыз бар. Жағдайлар өте жақсы жасалған туристерге. Ішінде заманауй техникасы бар. Мұның ерекшелігі түнгі уақытта жүреміз. Күндізгі уақытта қалаларды аралаймыз. Қараймыз. Туристік компаниялардан ұсыныс болса, біз дайынбыз туристік поездарды ұйымдастыруға.
Алғашқы сапарда туристік поездың 90-ға жуық жолаушысы болған. Бұл жолы саяхатшылардың саны 120-ға жуықтады. Халықаралық бағыт бес күнге жалғасты. Осы уақыт ішінде Алматыдан шыққан саяхатшылар Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларын басып өтті. Ұлы Жібек жолындағы ежелгі шаһарларда орналасқан тарихи және мәдени ескеркіштермен, көрікті орындармен танысты.
Нұркүлен Шәріпханова, турист:
- Поезд өте ыңғайлы. Автобусқа қарағанда шаршамайсың. Түнімен ұйықтап барып, күндіз қалаларды аралайсың, условиясы ұнайды телефон зарядтауға болады. Теледидар қарауға болады.
Салтанат Беделбаева,турист:
- Поездың ішінде бәрі бар. Жылы душ бар. Поезда холодильник бар. Поезда ыңғайлы ғой жатсаң да тұрсаң да. Өзіме өте ұнады.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық турдың өтуіне еліміздің Туризм және спорт министрлігі қолдау білдірді. Жоба екі ел арасындағы туризмді дамытуды, Орталық Азияның тарихи және мәдени жауһарларын насихаттауды көздейді.
Түркістан
Ақбота Дәурен, Kazakh Tourism ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің бас менеджері:
- Мұнда тамақтары қамтылған. Сонымен қатар әр қаладағы экскурсия, гидтердің қызметтері қамтылған. Тек қана қыдырып қана емес, тархи мәдени көне жерлерді көруге мүмкіншіліктер бар.
Саяхатшылар Самарқандтан кейін Шымкентке аялдады. Шаһардың туристерді тартуға мүмкіндігі зор. Мұнда біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырдағы ежелгі қаланың орны бар.
Шымкент
Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:
- Шымқала тарихи мәдени кешені Шымкенттегі туристік нысандардың бірі. 2021 жылы ашылған. 4 гектар жерге орналасқан. 3 бөліктен тұрады. Цитадель, Рабат және Шахристан. Былтырдың өзінде 40 мыңнан аса турист келген.
Өткен жылы елімізге бір ғана Өзбекстаннан 4 млн жуық турист келген. Ал 2 млннан астам қазақстандық өзбек жеріне барып қайтқан. «Жібек жолы» туристік поезының келесі сапары наурыз айына жоспарланып отыр. Бағыты кеңейіп, тағы бірнеше қаланы қамту көзделген.
Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев