Маңғыстауда былтыр заңсыз балық аулауға қатысты 390 дерек анықталды

Теңіз шекарашылары заңсыз балық аулауға қатысты 390 деректі анықтады.

4 миллиард 600 миллион теңге көлемінде шығын өндірілді. Браконьерлерден жүздеген қайық пен бірнеше шақырым ау тәркіленген. 2 мыңға жуық бекіре мен 88 мың балық теңізге қайта жіберілді. Сонымен қатар 117 итбалық құтқарылды. Бұл істер бойынша материалдар құзырлы органдарға жіберілген.

Талғат Тұребаев, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті жағалау күзеті басқармасының бастығы:

- 2024 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің акваториясында заңсыз балық аулауға қатысты 390 дерек анықтады. Сонымен қатар 196 жүзу құралы мен 536 шақырым ау құралы тәркіленді. Аталған дерек бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілді.