Халық қалаулысы ауыр және жеңіл өнеркәсіптің жағдайымен танысты
Талдықорғандағы тігін фабрикасы бренд киімдер тіге бастайды. Ол үшін өндіріс білімді әрі тәжірбиелі мамандарды жұмысқа тартып жатыр.
Жаңашылдыққа ұмтылған кәсіпорынға Мәжіліс депутаты Азат Перуашов барды. Екі жыл бұрын ашылған мекемеде 200-ден аса адам еңбек етеді. Олар ай сайын күштік құрылымдарға, медицина және төтенше жағдай қызметкерлеріне арналған киімнің 10 мың данасын шығарады. Дегенмен ісмерлер қажет матаны шетелден алуға мәжбүр. Жеңіл өнеркәсіптегі өзге де өзекті мәселелерді талқыға салған депутат аккумулятор зауытының да жұмысын көрді.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- «Ақжол» партиясы отандық өндірушілер партиясы ретінде өзіміздің кәсіпкерлердің жағдайымен үнемі танысып, сол көтерілетін мәселелерді шешуге атсалысып келе жатырмыз.