Атырауда «Былина» халықтық кітапханасының қоры 40 мыңнан асты
Атырауда «Былина» этномәдени бірлестігі жанынан 2018 жылы ашылған халықтық кітапхана оқырмандар бас қосатын қоғамдық орынға айналып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Кітапхананың жұмысы бастапқыда тұрғындарға сұрау салып, үйде текке жатқан көне кітаптарды жинаудан басталған еді. Қазір ондағы кітап қоры 40 мыңнан асты. 600-дей тұрақты оқырманы бар. Мұнда келген оқырман негізінен өткен ғасырдың 50-80 жылдары жарыққа шыққан шығармалармен таныса алады.
«Сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен өмірден өткен ақын-жазушылардың сирек кездесетін туындыларын және көне Гурьев қаласының тарихынан сыр шертетін фотосуреттерді кездестіруге болады», - дейді кітапханашы Қанипа Өтекова.
Қанипа Өтекова, кітапханашы:
- Сонымен қатар жазушыларымыздың да бізге өздері әкеліп ұсынған кітаптары бар, Тоқаевтың қолтаңбасымен, Назарбаевтың қолтаңбасымен жазылған кітаптар біздің кітап қорымызда сақталған. Көп әдебиеттеріміз рухани қазыналық құндылықтары мен мазмұнын жоймағандықтан сұранысқа ие болып тұр. Классикалық жанрдағы, детектив жанрындағы кітаптар қазіргі кезде біздерде сұранысқа ие.