Ауыл шаруашылығы техникасын алуға жеңілдік беріледі

Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен химиялық өңдеу қызметін ұсынушыларға сатып алынған техника құнының 25%-і өтеледі.

Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық субсидиялау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есе артты. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен жиында талқыланды. Кеңес Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің төрағалығымен өтті. Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне егістік алаңдарының құрылымын қайта қарауды, бидай егу алқаптарын қысқартып, майлы дақылдар мен басқа да жоғары тиімділігі бар дақылдарды көбейтуді тапсырды.

Сондай-ақ 2024 жылы өнімділігі ең жоғары болған қазақстандық селекцияның элиталық тұқымдарын егу алаңдарын барынша ұлғайту қажеттігін айтты.